«Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге арналған бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 165-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге арналған бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 165-Ө бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге арналған бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.